Қаламгерлерге - құрмет

Редакция ұжымы Жаңа жыл аясында мерейжасқа толған бір топ ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.

Олардың қатарында еңбек жолын әріп терушіліктен бастап газеттің бас редакторы қызметіне дейінгі жолдардан жүріп өткен Қазақстанның құрметті журналисі, ақын Сансызбай Базарбаев, газетте тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы секілді қызметтерден бастап кейін аудандағы өндірістік комбинат меңгерушісі, бірнеше бөлімдердің жетекшісі болған КСРО және Қазақстан Журналистер Одақтарының мүшесі Бағытжан Мусағали мен аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, бас редакторы секілді қызметтерді атқарып, өз қолтаңбасын қалдырып, күні кеше ғана зейнеткерлік демалысқа шыққан Сүйеу Халықов бар.

Аудандық басылымның бас редакторы Жанай Амантурлин іргелі істері кейінгіге өнеге, өткенінде өзіндік ізі бар ағаларға ілтипат көрсету басты мұрат екенін атап көрсетіп, мерейгерлерге құттықтау хат пен ескерткіш сыйлық табыстады.

Құрмет иелері өз алдына орда тіккеніне 30 жыл толған мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуда, еңбек адамдарының озат тәжірибелерін кеңінен насихаттау, өткен тарихты жаңғыртуда «Дендер» газеті сүбелі үлес қоса білгенін екпін түсіре атады.

Еңбек ардагерлері Кеңес Сахи, Ақбілек Бектұрлиева тәуелсіздік алған елең-алаң шақтарда өзге аудандардағы газеттер жабылып, қиындық көрген сәттер көп болғанын, алайда аудандық «Дендер» газеті журналистері сол қиындықтарға мойымай, аптасына екі рет шығарып, оқырманға рухани азық сыйлап, жанкешті еңбек еткенін тілге тиек етті.

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521