"Көктем" қазақ орта мектебінде орналасқан 114 референдум учаскесінде дауыс беру жұмыстары басталды. Учаскеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орын қарастырылған. Сонымен қатар, референдум учаскесіне келуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін жеке үйлерге дауыс беру жәшігі апарылады. Алғашқы болып дауыс берушілердің бірі кент тұрғындары Есқалиевтер отбасы. Жұмаш Есқалиев пен Рая Әмірғалиева болашақ үшін дауысымызды бердік дейді. -Президентіміздің бастамасын қолдаймыз. Бұл болашағымыз үшін маңызды шешім. Екеумізде еңбек етіп, қазір зейнеткер адамбыз. 18 жасқа толғаннан бері елімізде болған барлық сайлауға қатысып келе жатырмыз. Бүгін де сол әдеттен жаңылмай келдік,- дейді бізбен әңгімесінде. Ж.НАРИМАНОВА
Отбасы болып өз таңдауларын жасады
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 191
