Қос көше қыркүйекке дейін қалпына келтіріледі

Индербор кентіндегі "Барлаушы" мөлтек ауданындағы Ә.Молдағұлова көшесіне жасалған жолға кәріз жүйесін жүргізгеннен кейінгі жағдайы не болмақ?

Я болмаса Шығыс мөлтек ауданындағы 9 көшедегі жаяу жүргіншілер жолының сапасыздығына кім жауапты? Бұл жолдарқайта жасала ма? Қайта жасау жөнінде мердігер мекемеге тапсырма берілді ме? Осы өзекті сұраққа аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а. Ш.Ғаббасов мердігер компанияға ескертілгенін, жолды қайта жасауға тапсырма берілгендігін хабарлады.

Ал Оңдасынов және Тұфхатов көшелер бойындағы жаяу жүргіншілер жолының сапасыздығына орай қойылған сұраққа кент әкімінің міндетін атқарушы Олжас Бейбітұлы:

«2016 жылы бұл жолдарды жасаған «Центр социальных услуг» қоғамдық бірлестігі 2016 жылы Қ.Тұфхатов және Н.Оңдасынов көшелеріне тротуар салу керек болатын. Салынған жаяу жүргіншілер жолдарының кейбір бөліктері бұзылған. Кепілдік мерзімі 2019 жылдың қараша айы. Кепілдік мерзіміне сәйкес аталған мекеме 2020 жылы Атырау облысының мамандандырылған сотына жолды қайта келтіру үшін талап арызы беріліп, сот процесі өтті. Сот Тұхфатов, Оңдасынов көшелерін қалпына келтіруге шешім шығарды. Елімізде карантин жариялануына байланысты орындау мерзімі ұзартылды, яғни 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қалпына келтіріледі деп күтілуде. Егер орындалмаған жағдайда мекеме қайта сотқа беріледі»,-деп жауап берді.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT