Өрімдей қызын өлермен күйге түсірген

Ащы сумен ажырамас дос болған ата-ана комиссияға келуден неге қымсынбайды, ал өз қызына қол жұмсаған әке неге айуандыққа барды. Міне, осы өзекті мәселелер таяуда аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен өткен аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралды.

Айталық, кент тұрғындары, ерлі-зайыпты А.Н мен А.Б. қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталып, осымен бірнеше мәрте комиссияға түсіп отыр. Ал олардың ортақ некеден 11 жастағы баласы ата-анасы көше кезіп кеткенде, жалғыз қалады. Комиссия мүшелері олардың жұмыс жасауға неден ынталарының жоқтығын, тек табыстың жеңіл түрін көздейтінін айтады. Сонымен әрнәрсені бір сылтауратқан ата-анаға тиісті көлемде айыппұл салынып, қадағалауға алынды.

Келесі кезекте кәмелеттік жасқа толмаған А.К. есімді жасөспірімнің мәселесі қаралды. Бұл жөнінде мектеп директоры ауруханаға түсіп қалған оқушыны әкесі ұрып-соғып, қорлық көрсеткенін жеткізді. Негізінен үйде отағасы ішімдік ішкен кезде ұрыс-керіс болатын көрінеді. Жалпы басқа мектептен ауысып келген қыз бала «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы негізінде жүргізілген сауалнама қорытындысымен жоғары қауіпті тобынан табылған. Сондықтан мектеп директоры қазіргі таңда баланың өмір қауіпсіздігі алаңдатып отырғанын атады.

Ал өз кезегінде жасөспірімнің әкесі қызының басқа балалармен телефон арқылы тілдесіп, сөйлесіп жүргенін, оған ескерту жасағанмен нәтиже бермегенін, соның кесірінен ашуға бой алдырып қол көтергендігін айтып түсіндірді. Барлық жағдаймен толық танысқан комиссия мүшелері қыз баланың әкеге жақын өсетінін, онымен түсінік жұмыстарын тұрақты жүргізу керектігін жеткізді. Ал комиссияның шешімімен отбасы аудандық ювеналды полиция тобының қолайсыз отбасы есебіне алынса, қалған мәліметтер сот сараптамасынан соң белгілі болады.

Диас АЙБАР

Индер ауданы

Сурет әлеуметтік желіден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521