Индер ауданының жерасты қазба байлығының бірі тұз өндірісін қолға алған мекемеде жазатайым жағдай орын алды.
Аудан прокуроры Абзал Сахиевтың берген мәліметіне сүйенсек, 9 маусым күні өндіріс орынында қызмет етіп жүрген ауыр техника аударылған.
Оқиға салдарынан 1965 жылы туған азамат аудандық ауруханаға жеткізілгенімен алған жарақаты ауыр болуы салдарынан қайтыс болған.
Осы оқиғаға байланысты тиісті тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатырған көрінеді.
С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ.