Он бір сиыр неден өлді?

Жақында Индер ауданы, Есбол ауылдық округіне қарасты Шегендіде отырған Ержан Рамазановтың шаруа қожалығынан он бір сиыр бір сәтте өліпті. Мұны округ әкімі Абзал Рамазанов растады. Оның айтуынша, ауылдағы ветеринар дәрігер Серік Қажыкенов еш сынама алмастан, «уланған, бұған не істейміз енді?» деп, сол маңға көміпті.
-Ветеринарлар жұмыс жасамайды. Ол малдан сынама алып, улану себебін анықтамай ма? Және ол малдарды ауылдағы мал моласына әкеліп залалсыздандыру керек. Өкінішке орай ол талаптың бірі сақталмайды, - деп ашынады халық жайын ойлаған ауыл әкімі.    
Ал 11 сиырынан бір күнде айырылып, бірнеше миллион шығынға қалған малшы енді қайтып күн көрмек? Бала-шағасын қалай асырамақ? Үкімет шығынын өтей ме? Ешқандай акт жасалмағандықтан,  жабулы қазан жабулы күйінде жатыр. Ал бұған құқық қорғау органдары не дейді екен?
Жалпы, мал құдық суынан уланды деген дәлелсіз ақпарат бар.

Жан Аман,
 Индер ауданы,
Есбол ауылы

(фото бейнеқордан алынды)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз