Өлкетанушылар марапатталды

Аудандық өлкетану музейінде музей саласында ұзақ жылдар тынымсыз еңбек етіп , елеулі үлес қосқандарды марапаттап, арнайы төсбелгі табысталды.

Алдымен сөз алған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Ерімқызы аудан әкіміне, мәдениет саласына, өлкенің тарихи тұрғыдан зерттелуіне қолдау білдіргені үшін алғысын айтты. Одан кейін аудан әкімі М. Қалауи барша музей ұжымын жаңа жылдарымен құттықтап, еңбектеріне ризашылығын білдірді.

-Қазақ тарихында көптеген ұлы тұлғалар өлкетану деген тарихтың кішігірім бағытына сыйып кеткен. Оны тарихи деңгейге көтеру барлық қазақтың баласына дәріптеліп таныстыру, өскелең ұрпақ – біздің міндетіміз. Осыған дейінгі жасалған сол тұлғалардың айналасындағы жұмыстар өлкетану аясында жасалғаны өздеріңізге айқын. Өлкенің баға жетпес бай тарихы мен әдебиетін зерттеп-зерделеп, оны көпшілікке насихаттауда тынымды істер атқарғандарыңызға зор рахметімді айтамын, – деген аудан әкімі «Туған жер - қазақстандық өлкетанушылар» бірлестігінің атынан келген арнайы төсбелгі мен куәлікті үздіктерге табыстады.

20201229_114931

Республикалық «Үздік Өлкетанушы» төсбелгісімен - Индер ауданының территориясындағы тарихи орындарды насихаттауға қосқан еңбегі үшін мәдениет саласында 50 жылдан астам уақыт еңбек етіп, рухани байлығымыз бен мәдени құндылығымыздың дамуы мен сақталуына орасан зор үлесін қосып, 2010-2011 жылдар Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде басшылық еткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының иегері, Республикалық Аманат сыйлығының иегері, Индер ауданының Құрметті азаматы, ақын Қойшығұл Жылқышиев және музей саласында ұзақ жылдар бойы өнегелі еңбек етіп жүрген Махамбет Өтемісұлы тарихи қорығының меңгерушісі Сарсенбай Даутбаев марапатталды.

20201229_115014

20201229_115123

Ал Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Индер аудандық музейінде 20 жыл экскурсовод қызметін атқарып, зейнетке шыққалы отырған Зәуреш Сағитқызы өлкетану ісіне сіңірген еңбегі үшін "Өлкетанушы" төсбелгісімен марапатталды.

20201229_115248

Шара соңында аудандық өлкетану музейінің басшысы Майгүл Жалғасбаева келген меймандарға алғыс айтты.

А. ҒАРИФУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521