ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

суреттер автордікі
  • Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалардың саны артып отырғандықтан, оларды оқыту, қолдау техникалары жетілдірілуде. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі ерекше балалар өз қабілетіне сай ата-анасынан алшақтамай, тұрғылықты жерде білім алатын болады әрі қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Осындай мақсатта «Самға жүрегім» қоғамдық қорының қолдауымен ауданымызда «Академик КрохА» оқыту-дамыту орталығы ашылды.
  • Шараға аудан әкімі Дарын Шамұратов, облыс әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандар жөніндегі кеңесшісі Гүлназ Қосмурзиева, «Азаматтық орталық» КММ басшысы Жанат Досқалиева, Атырау облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Фатима Тулеева мен кент әкімі, бөлім басшылары, тұрғындар қатысты.
  • whatsapp-image-2023-01-27-at-15_59_56
  • Алдымен аудан әкімі қонақтарға «қош келдіңіздерін» айта келе, орталықтың ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
  • – Азаматтық қоғам белсенділерінің бастамаларымен кентімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын кезекті орталық ашылып отыр. Бұл орталық айрықша қажеттілікке ие балаларды дамытып, оларды өз ортасына бейімдеу бағытында сүбелі орталық болады деп сенемін. Ауданымыздағы оңалту орталығының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ол іске қосылғаннан кейін жеке орталық пен мемлекеттік орталықтар бір-бірімен бірлесе жұмыс жасайтын болады, - деді ол.
  • Одан соң «Самға жүрегім» қоғамдық қорының жетекшісі Эльвира Аралованың анасы Алма Бағытқызы мен Гүлназ Қосмурзиева орталықтың лентасын қиып, салтанатты түрде ашты.
  • Ал, «Азаматтық орталық» басшысы Жанат Досқалиева өзінің құттықтау сөзінде аталған үкіметтік емес ұйымның облыс бойынша белсенді қызмет етіп жүргенін атап өтіп, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар, балаларға арналған арнайы кітаптарды сыйға тартты.
  • whatsapp-image-2023-01-27-at-15_59_52
  • Орталық жалпы балалармен қатар, ерекше күтім қажет ететін балаларға арналған. Мектепке даярлық бағытына 3 жастан бастап балалар қабылданатын болады. Болашақта өз жобаларын гранттық конкурстарға ұсынып, орталықты кеңейтіп, ерекше күтім қажет ететін балаларды тегін оқытумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
  • Аталған орталық жалпы балаларды оқыту қабинеті, ерекше күтім қажет ететін балалар кабинеті және мектепке дейінгі даярлық кабинетінен тұрады. Қазіргі таңда 6 маман және бір офис-менеджер жұмыс істейді. Орталықтың 3-12 жас аралығындағы 15 ерекше күтім қажет ететін және 35 жалпы баланы қабылдауға мүмкіндігі бар,– дейді «Самға жүрегім» қоғамдық қорының жетекшісі Эльвира Аралова.
  • Сондай-ақ, биыл жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыз жүрген мамандарды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
  • Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT