Бұл туралы аудан әкімі Дарын Шамұратов кент тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды DENDER.KZ
Өткен жылдардағы тәжірибеге сәйкес, кенттегі С.Сейфуллин және Ш.Уәлиханов мектептерінің алаңдарына салынған ойын алаңдары пайдалануға беріліп, сол аудандағы балалардың бос уақытын өткізуге керемет мүмкіндік болса, екіншіден күтіп ұстау бойынша өз жемісін беруде.
- Биыл «Көктем» қазақ орта мектебі мен М.Әуезов орта мектебінің алаңшаларынан спорт алаңдарының құрылысы басталады. Қаражаттары толық бөлінді. (М.Әуезов о/м - мердігер мекеме – «Нұркапстройгаз» ЖШС. Жоба құны 116 млн 798 мың теңге (толық бөлінді). Келісім шарт жасақталды, жұмыстар шілде айында басталады. Құрылыс мерзімі 4 ай. «Көктем» о/а алаң бойынша қазіргі уақытта түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде).
Көп жылдардан бері тұрғындар тарапынан Көктем мөлтек ауданы Алғабас көшесіндегі балалар ойын алаңын жөндеу бойынша мәселелер көтеріліп келе жатырған болатын. Бұл мәселенің де шешімі табылып, ойын алаңын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Мердігер мекеме - «ЖарқынҚұрылысСервис» ЖШС. Құны 13 млн 696 мың теңге. Аяқталу мерзімі алдымыздағы тамыз айы,- деді аудан әкімі.