Ойнап жүріп от басты

Атырауда полицияға дүкенім тоналды деп хабарлама берген азаматша достарым "пранк" жасады деп ақталған.

Махамбет ауданы Полиция бөлімінің 102 операторына белгісіз әйел адам қоңырау шалып, аудан орталығында орналасқан өзі иесі болып табылатын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалып, тоналғаны жөнінде хабарлама берген. Аталған хабарлама ​ бойынша тез арада оқиға орнында жедел тергеу тобы жіберіліп, тексеру барысында берілген хабарламаның жалған екендігі анықталды. ​Белгілі болғандай, арыз берушінің достары қалжың үшін​ дүкеннің тоналғаны жөнінде хабарлаған. Енді дүкен иесі жағдайдың растығына көз жеткізбестен жалған хабарлама бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

-Тұрғындардың назарына арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақырған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз