Өндірістік қалдықтар төгілуде

Индербор кентінің ішінде бұрыннан қалған бірнеше ірілі, ұсақты карьер, жыралар бар. Соның ішінде небір түрлі қоқыспен бітеліп келе жатқаны   Махамбет пен Ақтау көшелерінің аралығындағы ескі  карьер екендігі жасырын емес.

Оған тек құрылыс қалдықтары, малдың қиы төгілсе бір сәрі ғой. Шұңқыр ішінде автокөліктердің майынан босаған ыдыстары, покрышкалары, баклашка сынды пластикалық қалдықтар да  жайрап жатыр. Оның қоршаған ортаға қаншалықты зиян екендігін бағамдай беріңіз. Әсіресе қазіргідей көктем мезгілінде оны қоқыстарды әлдебіреулер өртеп,  одан шыққан қара түтін, бықсыған иіс  маңындағы тұрғындарды әбігерге салып отырғанын  талай жазғанбыз.

Ал  жақында үлкен көлемде  гипскартонның  қалдықтарының   төгілгеніне куә болдық. Гипс қалдықтары   таудай болып, қабат-қабатымен жайрап жатыр.  Арнайы жүк көліктерімен төгіп, оны трактормен қырғаны да көзге көрініп тұр. Бұл өндірістік қалдықтардың құрамындағы зиянды қалдықтар қоршаған ортаға қаншама қауіп қатерін туғызуда.

Осы орайда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Аймұратовқа хабарласқанымызда, күнделікті тұрмыстық қылдықтардың өзі арнайы белгіленген полигонға болмаса бұл жерге қоқыс төгуге рұқсаттың берілмегендігін айтты.

Ал Индербор кентінің әкімі Шалқар Алмурзиев төгілген  өндірістік қалдық бойынша зерделеу жұмыстары жүретіндігін қаперге берді.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз