Неке және отбасы Кодексі

Елімізде қолданыстағы Неке және отбасы Кодексіне елеулі, маңызды өзгерістер 2019 және 2022 жылы енгізілген болатын. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Туремуратова өңірлік баспасөз алаңында өткізген брифинг барысында еске салды.

       Бұрын  ерлі-зайыптылар сот арқылы некесін бұзып, содан кейін АХАТ органдарына барып куәлік алуы қажет болса, өзгерістерден кейін сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап, автоматты түрде неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғаны туралы белгі қойылып, куәлік алудың қажеттілігі алынып тасталды. Енді азаматтар АХАТ органдарына бару қажеттілігінен босатылды.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі ҚР-ның Заңымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдету және цифрландыру мақсатында тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді мемлекеттік тіркеу алып тасталды, сәйкесінше тегін, атын, әкесінің атын өзгерту куәлігі берілмейді.

        Осылайша, тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген соң енді бір ғана куәлік, қандай мәліметтер өзгертілгеніне байланысты туу туралы немесе неке қию, бұзу туралы куәлік беріледі.

        Қазіргі уақытта, Кодекске сәйкес 4 куәлік түрі берілуде: туу, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу. Алдағы уақытта тууды автоматты тіркеу жобасы іске қосылады. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен АХАТ АЖ-не туу туралы медициналық куәлікті сәтті алған кезде АХАТ АЖ  пилоттық жобасына қатысатын медициналық ұйымдар үшін АХАТ АЖ тіркеу нысанын балаға ЖСН тағайындау арқылы автоматты түрде құру процесін іске қосуда.

Жасалған ЖСН ФЛ (жеке тұлғалар) мемлекеттік деректер базасына енеді және «бала-ана» және «ана-бала» түріндегі отбасылық қарым-қатынас автоматты түрде жасалады. АХАТ органы тууды тіркеуге некеде тұрған анадан немесе әкеден, не баланың некеде тұрмаған анасынан электронды үкімет порталы арқылы екінші деңгейдегі банктердің өтініші арқылы электронды өтініш қабылдайды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521