1 мыңнан кем емес адам жұмысқа орналаспақ

«Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Осы орайда бүгін партия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Индербор кентіндегі «Таңат» пәтер иелерінің кооперативінің төрағасы Бейбіт Ильясов пен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Дәурен Сағынғалиев Индербор кенті бастауыш партия ұйым мүшелерімен кездесті.  

Санитарлық талаптарға сай өткен бас қосуда үміткерлер партияның алдағы  бес жылдықтағы жоспарын айтып, кәсіпкерлерге үгіт-насихат жүргізді. Алдымен үміткер Дәурен Аманбекұлы сөз алып, әрбір ел азаматының саяси белсенді болуы мемлекеттің болашағы үшін маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, әр басым бағыт бойынша жасалатын жұмыстар жөнінде айтып өтті.

-Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қанықтыру мәселелері ерекше өткір және өзекті болып отыр. Ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа эскпорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Сондай-ақ “Жұмыспен қамтудың  2020-2021” жылдарға арналған жол картасы бойынша 10 инфрақұрылымдық жобаларға 1,7 мың адамды жұмысқа орналастыру, оның 800-ден астамын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасатын болады. Ал “Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 300 адамды қамту, мекемелер мен кәсіпорындармен арасында қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық меморандумдарға қол қою. Еңбек нарығының белсенді шаралары аясында бос орынға жыл сайын 1 мыңнан кем емес адамды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына 90-нан, жастар практикасына 60-тан, ақылы қоғамдық жұмыс – 600-ден, тұрақты жұмыс – 400-ден кем емес адамды, 45-тен артық кредит беру, - деді ол.  

img-20201226-wa0033

Келесі болып үміткер «Таңат» пәтер иелерінің кооперативінің төрағасы Бейбіт Төлепұлы:

-Егемен еліміздің жетістіктерін еселеп, болашақ Қазақстанның келбетін арттыру мақсатында, халқымыздың тұрмыстық – әлеуметтік жағдайына үлес қосу үшін жинаған білімім мен тәжірибемді қолдана отырып, «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде қатысуға шешім қабылдадым. Тәуелсіздіктің төл құрдасы ретінде мұндай қадамға барудағы мақсатым жаңа идеялар мен тың ұстанымдарды қоғам назарына ұсыну, еліміздің іргесін берік қалыптастырып, ауданның ілгері дамуы жолында жаңа тыныспен өз үлесімді қосқым келді, - деп партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындар сұрағына жауап берді.

Қатысушылардың арасынан сөз алған тұрғын Индербор кентінде көпқабатты пәтерлердің кейбірі қандай себеппен пәтер иелері кооперативіне жүгінбей, келісімшартына келіспей отырғанын сұрағанда, ол:

-Сұрағыңыз түсінікті. Жалпы кенттегі көп қабатты пәтерлердің біразы жекешелендіріліп берілді. Сондықтан олар подъездеріне өздері күтіп жасап, тазалық жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, пәтерлердің 80 пайызға жуығы келісім берсе, біз әділет басқармасына тіркеп жұмыс жасайтын болдық, ал қазір көрсеткіш 100 пайыз болу керек. Бұл дегеніңізғ,бір адам келісімнен бас тартса, ПИК-іне қосыла алмайды деген сөз. Тағы бір айтар жайт, кенттегі Қонаев №22, №24, Тайсойған №9, №7 көпқабатты пәтерлер әділет басқармасына тіркелгенімен, ПИК-тің келісімшартына отырмай отыр. Тура екі жылға дейін, подъездерді күтіп ұстауда тазалық жұмыстарын мекемедегі қызметкерлер жасап келді. Жалпы тариф бағасы пәтер басына 1000 теңге, - деп жауап берді.

Сонымен қатар 2020-2021 жылы оқу жылдарында республикалық трансферт есебінен (үкіметінің резервінен) 297 компьютерлік техникалар қамтамасыз етіп, аудан бойынша білім беру ұйымдарының оқушыларын 100% оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 6 мыңнан астам оқулық алынады. Сонымен қатар Есбол ауылынан 320 орындық, Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебіне 120 орындық жапсаржай құрылысын аяқтап, ауданымызда 3 балабақша құрылысын жүргізуге ықпал ететінін айтып, ауданымыздағы білім сапасын арттыру мақсатында жыл сайын 159 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттып, аудан мектептеріне 9 маман қажеттілікті шешіп, ауданға келетін жас ұстаздарға қолдау шаралары қолға алынатынын жеткізді. Үміткердің айтуынша, аудандағы 15 орта мектепті 2025 жылға дейін 15 оқу кабинетін кезен-кезеңімен жарақтандыру мен инклюзивті білім беру бойынша мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының желісін кеңейтуге ықпал етіледі.

Сонымен қатысушылар партияның бағдарламасына көңілі толатындықтарын айтып, нұротандықтарды қолдайтындықтарын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.  

Диас АЙБАР

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521