Мүмкіндігі шектеулі балдырғандар мерейленген кез

Бүгінгі мереке қарсаңында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілері жанынан жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымда балаларға арналған«Мен анамның гүлімін» атты кеш өтті.

Онда мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер ата-аналар мен қонақтардың алдында тәрбиешілерімен бірге өз өнерлерін көрсетіп, жүздері жадырап, қолдарынан бәрі келетіндігін көрсетіп бақты.

Шара соңында ата-ана Жайлан Уәжипова балаларды мерекесімен құттықтап, оларға осындай қуанышты шақ сыйлап, елеусіз қалдырмаған басшылар мен мекеме қызметкерлеріне аналық ақ алғысын жаудырды.Сондай-ақ, басшылар Ажар Серікқалиева мен Айнагүл Жөкен сөз алып, балақайлардың тезірек жазылып кетуіне, балалық шақтарын бақытты өткізуіне тілеулестігін білдіріп, жеке кәсіпкер Жанат Шолпанованың демеушілігімен жолданған татілерді ұсынды.

a

Сонымен қатар ата-ана Алтынай Өтешова мен мекеме қызметкерлері арнайы әзірлеп әкелген сый-сияпаттарын үйлестіріп, балаларға қуаныш сыйлады.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT