Мүгедектерге тиесілі көмек көлеңкеде қалыпты

Мүгедектердің шағымдануына байланысты аудандық прокуратура мүгедек азаматтардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізіп, біраз заң бұзушылықтарды анықтапты.

Талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы органның уәкілетті бөлімімен «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының 12 тармағы бұзылып, мүгедектерге атаулы күндер мен мереке күндеріне байланысты тиісті әлеуметтік көмектер көрсетілмегені анықталған.

Атап айтқанда, 2016 жылы – 66 адамға 330 000 теңге (әр адамға 5000 теңгеден), 2017 жылы 89 адамға 1 780 000 теңге (әр адамға 20 000 теңгеден) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілмей құқықтары бұзылған. Бүгінгі таңда аудан прокуратурасының ықпалымен 44 мүгедек азаматқа жергілікті бюджеттен 860 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріліп, қалған 110 адамға осы жылдың қаңтар айында төлеу жоспарлануда.

Осыған орай аудандық прокуратураға мүгедектер құқығын қорғап, тиесілі көмекті алып бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Ұлпан ШОНЫШЕВА,

аудандық соқырлар қоғамының төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз