Әлеуметтік жағдай жақсара береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында әлеуметтің әлеуетін көтеруге айрықша басымдық бергені белгілі. Бұл бағытта аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерді тіркеу бөліміне жүктелер міндеттің ауқымды екені айтпаса да түсінікті. Осыған орай салалық бөлім басшысы Серікқалиева Ажар Жалғасқызына жолығып Жолдау жүктеген міндеттер төңірегінде ой бөліскен болатынбыз.
-Ажар Жалғасқызы, әңгімеміздің әлқиссасын өзіңіз жетекшілік ететін бөлімге артылар жауапкершіліктің бірі жаңа жұмыс орындарын құрып жұмыссыздықты жою ғой. Осы бағытта атқарылған істерге тоқталып өтсеңіз?
-Үстіміздегі жылдың 1-ші қырқүйегіне аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде хабарласқандар саны 1093 адам болса, оның ішінде 930 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, орындалысы 85 пайызды құрады. Сәйкесінше 9 айда 1216 жаңа жұмыс орнына 1451 тұрғын еңбекке араласып, 83,9 пайыз болып отыр. Аудан бойынша 2 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, қатысқан 63  адамның  түйіндемелері  мекеме-кәсіпорындарға жолданып,                  39-ы  тұрақты жұмыспен қамтылды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде кәсіптік даярлауға 25 жұмыссыз азаматты оқыту жоспарланса, қолданыстағы қағидаға өзгерістер енуіне орай мамандықтарға оқуға сұраныс түспеуіне орай жоспар орындалған жоқ.
-Сөзіңіз аузыңызда, Мемлекет басшысы еліміздегі іргелі кәсіпорындарды тарту арқылы азаматтарды қайта даярлықтан өткізуді тапсырып еді ғой.
-Дұрыс айтасыз, облыстағы салалық басқарма арқылы өңірдегі кәсіпорындармен байланыс тұрақты жолға қойылып келеді. Атап айтқанда «ТеңізШеврОйл» компаниясы арқылы 80 жұмыссыз азаматты оқыту жоспарланса, жоспар 23-ке орындалып, 29 пайызды құрап отыр. Өзіңіз де білесіз Жолдауда айтылғандай: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына  қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті  болуына ықпал етеді»,-деуінде үлкен мән жатыр деп есептеймін. Сөз орайында айта кетейін соңғы жылдары ауданда өз кәсібін ашқысы келетін жастар көбейіп келеді.  
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жастар мен көп балалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, жұмыссыз азаматтарды қолдау бағытында республикалық бюджеттен 20 азаматқа  өз кәсібін  ашу бағытында 25,0 млн. теңгеге мемлекеттік грант берілді. Сайып келгенде бұл өткен тоғыз айдағы жетістік.
-Жұмыссыздықты азайтудың бір шарасы әлеуметтік жұмыс орындарын құру ғой. Аталған жүйенің тиімділігі қандай дәрежеде көрініп отыр?
-Үкімет деңгейінде қабылданған бағдарлама өз жемісін беруде. Мысалы, 96 азамат әлеуметтік жұмыс орындарымен, 311 азамат  ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар оқу орындарын бітіріп келген 54 түлек бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін аудан көлеміндегі мекемелердің сұранысы негізінде жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы  тәжірибе жинауға  жолданды.
-Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелерін жұмыспен қамту қаншалықты деңгейде шешілуде?
-Күздің алғашқы күніне дейін 166 отбасындағы 940 адамға -52,1 млн теңге мелекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен 1-6 жастағы 197 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама таратылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен жұмысқа қабілетті 47 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, әлеуметтік жағдайларын жақсарта түсуге мүмкіндік алып отыр.
-Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі ұдайы назар аударарлық қой.
-Аудан бойынша 1512 мүгедек бар оның ішінде 1-топ-299, 2-топ-454, 3-топ-577, бала жастан мүгедек-182. Өкінішке орай былтырғы жылмен салыстырғанда мүгедектер саны -19 жанға көбейгені байқалады. Арбаға сүйенген мүгедектер -38. Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерін цифрландыру шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету "Әлеуметтік қызметтер порталы" арқылы іске асырылуда. Есепті кезеңде 718 адам оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті шаралармен қамтылуы тиіс болса, оның 592–і  Әлеуметтік порталға жіберіліп, шаралармен қамтылуы 82.4 пайызға орындалды.
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасының орындалмай тұрған санатория-курорттық емделу және ортопедиялық құралдарға арналған шаралар. Санаторияға байланысты шараға 129 мүгедек өз таңдауларын күз айына жоспарлап кезекте тұр.
Мүгедектерді инватаксимен қамтамасыз ету бағытында екі инватаксиге  3 рет (маусым, шілде, қырқүйек айларында) мемлекеттік сатып алу заңының талаптары бойынша жергілікті бюджет есебінен 4,0 млн теңге қаражат қаралып, ашық конкурс жарияланды. Алайда, конкурсқа қатысушылар болмауынан  жеңімпаз анықталмай отыр. Күні бүгінге аудан бойынша инватакси қызметіне медициналық қорытынды бойынша 26 адам жүгініп отыр. Мемлекеттік сатып алу заңының тараптарына сәйкес қайтадан конкурс жариялануда.     
Мүмкіндігі шектеулі жандар үнемі біздің назарымызда. 2021 жылы жергілікті бюджет есебінен даталы күнге орай 1493 мүмкіндігі шектеулі жанға әр қайсысына 50,0 мың теңгеден  барлығы 74,6  млн.теңгеге әлеуметтік көмек, 28 мүгедекке 840,0 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсе, 2022 жылы 1512 мүмкіндігі шектеулі жанға 75,6 млн. теңге бір жолғы әлеуметтік көмек берілді. Биыл 1-ші қырқүйегіне 30 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамту шарасымен қамтылды, оның ішінде, 9-ы тұрақты жұмыспен, 4-і әлеуметтік жұмыс орнына, 11-АҚЖ-ға жолданса, 1-і қайтарымсыз грант алды, 1 мүгедек алғашқы жұмыс орны бағдарламасымен жұмысқа жолданса,  4 мүгедек «Күміс  жобасы» бағдарламасымен жұмысқа орналасты. «Иман жастары» еріктілер тобының және кәсіпкерлердің  қолдауымен 23 мүмкіндігі шектеулі балаға -535,0 мың теңге көлемінде ойыншықтар, азық-түліктер, 25  мүмкіндігі шектеулі балаға  дәрі-дәрмектер таратылды. Биылғы жылдың тамыз айынан бастап  мүгедек балалардың ата-анасына немесе өзге заңды өкілдеріне және 1-ші топтағы мүгедектермен еріп жүретін адамдарды санаториялық курорттық емдеуге санаториий курорттық ем алғандығын дәлелдейтін құжаттарын бере отырып, мүгедек адамның өтініші әлеуметтік көмек төлеу бағыты қарастырылуда.  Күні бүгінге шешім жобасы Әділет департаментіне жолданды. Құжат бекітілгеннен кейін күшіне енеді.
Салалық бөлім мемлекет басшысы Жолдауында көрсетілген міндеттерді атқаруда аянбай еңбек ете беретін болады.
-Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:
Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521