Ләңгіден жүлдегер

Сурет кейіпкерден алынған

 

Атырауда ләңгі ойынынан облыстық федерациясы құрылып, Тәуелсіздік күнінен орай алғашқы ресми жарыс та бастау алды. Балалар, ересектер және ардагерлер  арасында өткен сында   ләңгі ойынын шебер меңгерген спортшылар топ жарды.

Соның ішінде ардагерлер арасындағы сында Индер аудандық балалар спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев жүлделі 3-ші орынға қол жеткізіп, арнайы байраққа ие болды.

Ләңгі -  балаларды ептiлiкке, шапшаңдыққа баулитын  ежелгі ойындардың бірі. Соңғы 80-ші жылдарға дейін әрбір аула, көшеде балалар ләңгі теуіп, улап-шулап жарысып жататын еді. Қазіргі  ұялы телефонға  телміріп, денсаулығына   кәнірат жамағат жас ұрпаққа ләңгі таптырмас қызықты ойын болары сөзсіз.

Саламат Б.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521