Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдаймын.
Өйткені онда еліміздегі кәсіпкерлікті қолдауға қатысты бірқатар бастамалар атап өтілген екен. Соның ішінде әділ және ашық салық жүйесін құрудың маңыздылығын айтылған. Бұл дегеніңіз – кәсіпті жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Атап айтқанда, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, шағын және орта бизнеске түсетін салмақты азайту қажеттілігіне баса назар аударды. Алдағы уақытта салықты уақытында төлемегені үшін кәсіпкерлердің шоттарын бұғаттамау туралы шешімнің де өте орынды деп білемін. Жолдауда кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың маңыздылығы да айтылды.
Өзімнің кәсіпкерлік салада жүргеніме 30 жылдан астам уақыт өткен екен. Жасыратыны жоқ, бұрын аудандағы әрбір қызмет орындары кәсіпкерлерге өздерінің ықпалын орынсыз жүргізіп қалуға тырысатын кездері болған. Қазір, қайта, еліміздің кәсіпкерлік саласында бірқатар өзгерістер орын алып, жағдай жақсарды ғой.
Қазіргі аудандағы өкілетті органдарға ешқандай ренішім жоқ. Біз де өз тарапымыздан заң шеңберінде жұмыс жасауға, заң бұзбауға тырысамыз.
Мемлекет басшысы Жолдауында елімізде кәсіпкерлікті қолдау бағытында алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін айтты. Демек, кәсіпкерлер үшін Жолдау осынысымен құнды.
Салауат ІЗТЕЛЕУОВ,
«Жасұлан» сауда орталығының басшысы