Көшпелі керуен Индерде

Атырау облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Атырау облысының Исатай, Курмангазы аудандарына ұйымдастырылып келе жатырған «Мұнайлы өлке шыраайлы өлке – Атырау» атты көшпелі көрмеі Индер ауданына ат басын тіреді.

            Көшпелі көрме Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі, Атырау облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Атырау облысының Исатай, Курмангазы, Индер аудандарында қалың көрермен назарына ұсынылды.

            Музей қорындағы жәдігерлерден ұйымдастырылған Атырау облысының құрылу тарихынан сыр шертетін фотосуреттер мен деректерге сүйеніп , дамыған шаруашылық салаларына шолу жасай отырып, керермендер назарына төмендегідей  жәдігерлер ұсынылды.

              Көрмеде ЛКЖО ОК-нің Гурьев облыстық ұйымдастыру бюросының Nº24 отырысының хаттамасының көшірмесі, темір жол құрылысының салынуы, Гурьев қаласының 1940 жылдар мен 1965 жылдардағы келбетінен cыp шертер тарихи суреттер,  сондай-ақ ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығының өркендеуін, мунай саласының дамуын, бейнелейтін фото суреттер мен өнеркәсіп орындарының өнім үлгілері орын алды.

            Кейінгі жылдардағы қала өміріндегі мэдени-тұрмыстық, архитектуралық-сәулеттік өзгерістер, облыс өмірімен жане оның экономикасы мен халык шаруашылығынын өркендеуіне қатысты тарихи тың деректер айтылды.

            Шараға ауданға белгілі зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары, мекеме басшылары, ұстаздар мен оқушылар мен әртүрлі сала мамандары қатынасты.

Индер аудандық музей бөлімшесінің экскурсия жүргізушісі Гүлхан Сабыржанқызы Атырау облысының қалай құрылғаны туралы тарих беттерінен сыр шертетін жідгерлерін көрме қонақтарымен толықтай таныстырып шықты.

            Шара  соңында көрме қонақтарымен музей қызметкерлері естелік суретке түсіп тарқасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521