Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында жастар саясатына ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Президентіміздің жастарға білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, сондай-ақ спорт пен мәдениетке жағдай жасау жөніндегі бастамалары – ел болашағына жасалған нақты қадамдар.
Жастар – Қазақстанның ең басты әлеуеті. Біз, жас буын, өз біліміміз бен күш-жігерімізді Отанымыздың дамуына арнауға дайынбыз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау бізді алға жетелейді, жаңа идеялар мен бастамаларға жігер береді.
Жолдауда айтылған жастарға арналған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосу – әрқайсымыздың борышымыз.
Қайырбек Жеңісұлы,
белсенді жас