Көктоғай ауылында мектептің жапсаржай құрылысы басталды

 
Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебіне қосымша 120 орындық жапсаржайдың құрылысы басталды,- деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары сәуір айында басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады.
Құрылыс жұмыстарына жауапты «Град Строй Сервис» ЖШС-і мердігер мекемесі қазіргі уақытта нысанның жер қазу жұмыстарын жүргізіп, бетон құю жұмыстарына дайындауда. Жалпы жоспарланған жапсаржай ғимаратының көлемі 1394 шаршы метрді құрайды.
Жалпы Б.Нысанбаев орта мектебі 454 оқушыға арналған. Қазіргі таңда 578 оқушы білім алады. Оның ішінде 46 бала шағын топта, мектеп алды даярлығында 55 бала қосымша білім алуда.
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521