КӨЛЕҢКЕЛІ КӘСІПКЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған жұмысты қолға алды.

Үш күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады (ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес). Бұған қоса, биылдан бастап банктерден ақпарат ұсынылады. Яғни жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары 2024 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат беру керек. Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған.

Өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды.

Сонымен қатар, қолданыстағы өлшемшарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойын - ша өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, өлшемшартты «бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ең төменгі жәрдемақыдан асатын ақша қаражатын алуы» деп қабылдау ұсынылады (01.01.2024 жылғы жағдай бой - ынша 255 мың теңге).

Н.БОЛАТОВ,

Индер аудан бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT