Кітап оқудың үздіктері

  • Өткен аптада аудан әкімі Дарын Шамұратов мектеп оқушылары арасында облыс орталығында ұйымдастырылған «Білгенге маржан» атты кітап оқу сайысына қатысқан индерлік оқушылар мен олардың ұстаздарын қабылдады.
  • Мұхтар Мағауинның «Аласапыран» тарихи романын оқып, екі рет өткізілген тестілеуде өзінің білімділігі мен ізденімпаздығы арқасында Аққала орта мектебінің оқушысы Қарақат Тұрлан мен Қ.Есқалиев атындағы орта мектебінің оқушысы Айкөркем Төлекова үздіктер қатарынан көрінген болатын.
  • Кездесу барысында аудан әкімі Дарын Шамұратов кітап оқу – жас ұрпақтың талабын қанағаттандыруда, рухани байлығы мен ой өрісін дамытудағы ең үлкен тәрбие құралы екендігін жеткізіп, сайыс жеңімпаздарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына сәттілік тіледі.
  •  Кездесу соңында оларға аудан әкімінің алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
  • Осы жерде оқушыларды сайысқа дайындаған жетекшілері Гүлбаршын Ибатова мен Салтанат Қуанышкерееваның еңбектері де орасан екенін айта кеткеніміз жөн.
  • Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521