«Хан шатырға» келіңіз

«Атырау – Орал» тас жолы бойынан Индерборға бұрылыс тұсынан «Болашақ» атты кемпинг ашылды.

Жоба құны 50 млн. теңгені құрайтын нысан 15 адамдық қонақ үйден, 40 адамға арналған «Хан шатыр» атты мейрамханадан тұрады. Қазіргі таңда 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Осы жұмыстарды ұйымдастырушылардың бірі – Ақмаржан Сайлауқызы ғимараттың қызметімен таныстыра жүріп, болашақта көлік жөндеу орталығын, монша, балалар ойнайтын алаңдар салу жоспарда бар екенін, сол арқылы тағы да бірнеше адамды жұмыспен қамтитынын айтты.

Кәсіпкерлік нысанның ашылуына барған аудан әкімі С.Арыстан Елбасының тапсырмасына орай жылдан жылға кәсіпкерлік қарқын алып келе жатқанын, бұл да бір соның дәлелі екенін айта келе осы нысанның иесі, балаларының ақылшысы Жәми Тілегенова апайға ризашылығын білдіріп, жаңа нысанға сәттілік тіледі.

Сонымен «Болашақ» кемпингтің лентасын аудан әкімі мен зейнеткер Ж.Тілегенова қиған соң шашу шашылып, халыққа қызмет көрсететін жаңа ғимараттың есігі айқара ашылды.

Ж.АМАН.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика