ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған өз Жолдауларының бірінде ендігі жерде әкімдерді халықтың өзі сайлайтын болады, сол арқылы елімізде нақты саяси реформалар жүзеге асырылатын болады деді.

Осыған дейін Индер ауданында Көктоғай, Жарсуат, Өрлік ауылдарының халқы өздері дауыс беріп әкімдерін сайлап алған еді. Енді міне Индербор кентінің тұрғындары да әкім сайлауына қатынасуда. Сайлау N110, N111, N112, N113, N114, N119, N121 caйлау учаскелерінде өтуде.

Ал М.Әуезов атындағы орта мектепте орналасқан N112 учаскесінде сайлау таңғы сағат 07:00 де басталды. Мемлекеттік Әнұран орындалған соң учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлайым Жаңбырбаева сөз сөйлеп ашып сайлау тәртібімен түсіндірді. Алғаш болып мемлекеттік қызмет саласының ардагері Зульфия Намазғалиева дауыс берді.

 4b3cf719-27cb-4411-80e8-bb232870e5bb

- Мен осы жердің тумасымын. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет саласында еңбек еттім. Сол уақыттарда әкімдер тағайындау немесе мәслихат депутаттарының таңдауымен тағайындалатын. Ал бұл жолы таңдауды халықтың өз еркіне беріп отыр. Сөз жоқ бұл еліміздің демократиялық даму жолына түсті деген сөз. Кент әкімдігіне үміткерлікке үш азамат түскен екен. Үшеуі де осы топырақтың азаматтары, дегенімен мен өз таңдауымды жасадым,-деді Зульфия Хамиқызы.
Аталған сайлау учаскесінде 1493 сайлаушы тіркелсе, 11 жас алғаш рет өз таңдауларын жасамақ. Сондай-ақ 13 егде жастағы, 15 мүмкіндігі шектеулі тұрғындар бар. Оларға арнайы жылжымалы жәшік апарылмақшы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділгерей Сәкеновтың айтуынша кентте 10064 сайлаушы дауыс беруге құқылы болса, 94 егде жастағы қариялар, 51 жас алғаш рет дауыс бермекші. Кент бойынша барлық сайлау учаскесінде сағат 10:00 ге дейін 1408 сайлаушы дауыс беріп үлгерген көрінеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521