Халық талабы басты назарда

Алдағы 2025 жылға қарай «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын жасақтап, сол арқылы елдің әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі жетілдіруді көздеген «Nur Otan» партиясының бір топ мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы, партияның аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Жанай Амантурлин, жеке кәсіпкер Ринат Қалауғалиев, «Райымбек» ш/қ жетекшісі Қилымғали Зайдекенов Есбол ауылдық округіне арнайы келіп, мәдениет үйінде сайлаушылармен жүздесті.

Жүздесуде үміткерлер партияның бірнеше бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ауданда алдағы уақытта «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бойынша 10 инфрақұрылымдық жобалар арқылы 1,7 мың адамды жұмысқа орналастыруды басты міндет санап отыр.

nurotan-kandidattar2021

-Бүгін «Nur Otan» партиясының мүшелерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстық. Алдағы уақытта ауқымды жобалардың болатынын атап көрсетті. Осы жұмыстар жетер жеріне жетіп, жақсы істер атқарылады деген сенімдеміз. Ел соған сенеді. Алдағы уақытта осы «Nur Otan» партиясына тілекшіміз. Елдің мүдесінен, сенімінен шығады деген ойдамыз, - деді Есбол ауылының тұрғыны Абылай Смағұлов өз сөзінде.

Еліміздегі бас партия ауданның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм салаларын дамытуды басты назарға алмақшы. Алдағы 2025 жылға дейін ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығару көлемін 105 пайызға дейін өсіруді жоспарлап отыр.

- «Nur Otan» партиясының үміткерлері Есбол ауылы тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамызбен таныстырып, сұрақтарына жауап беріп, алдағы 10 қаңтардағы сайлауға біркісідей дауыс беруге шақырдық. Жалпы ауыл тұрғындарының көзқарастары оң екенін көріп, сенімнен шығаруға мүдделіміз, - дейді «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихатқа үміткер Ринат Қалауғалиев.

Тұрғындармен кездесуде айтылған мәселелер партияның сайлауалды штабына жеткізіліп, сол бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Тұрғындар еліміздегі бас партияға сенім артатынын айтты.

Сұңқар КӨШЕКОВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521