ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСЫП КЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында халықпен үнемі ашық байланыста жұмыс жасау қажеттігі айтылған болатын. Осыған орай, Көктоғай ауылдық округінде «Ашық есік күні» өткізілді. Тұрғындарды аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары жеке қабылдап,сауалдарына жауап берді.

            Көктоғай мәдениет үйінің ғимаратында өткен шарада ауыл тұрғындары көкейтесті сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізді.

            Аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Сүйеуованың қабылдауында болған тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, ауылшаруашылық қорынан несие алу, атаулы әлеуметтік көмек сияқты мәселелерді көтерсе, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиевке жер мәселесі бойынша сұрақтарын қойды.

            Мәселен, ауыл тұрғыны Рита Жаншина атаулы әлеуметтік көмек
бойынша сұраса, Батиха Сапарова апатты жағдайда тұрған үйі бойынша қандай көмек болатынын, ал арбарит тасын шығарып бастаған кәсіпкер Ерсайын Дүйсенғалиев ауылшаруашылық қолдау қорынан өз кәсіпкерлігін дамытуда қандай бағдарламалар бар екендігін сұрады. Сонымен қатар, енді ғана бөдене құсын өсірумен айналысып жүрген көпбалалы ана Перизат Абуғалиева осы кәсіпті дамыту үшін грант қашан берілетінін, Айманай Мұқанбетова базада үй иелерінің аты-жөні шатасқандығын айтып, қалай шешу керектігі жөнінде сұрақ қойса, Амангүл Кешимова тоқ көзінің жетіспеушілігін айтып шағымданды.

            Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық жер бөлімінің басшысы Ардақ  Үсенқызы, орталық аурухананың директоры Анар Доспаева, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Абдиров, «Атырау-Жарық» мекемесінің басшысы Айбол Кенжеғалиев, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ғабдуллин тұрғындардың сұрағына жауап беріп, барлығыда заң аясында шешілетінін түсіндірді.

            Өрлік ауылында жалғасқан «Ашық есік күніне» тұрғындар өз мәселелері бойынша сала басшыларына келіп, жауаптарын алды.

            Мұндай қабылдаулардың тиімділігі сол , олар күрмеулі мәселені кезек күттірмей шешуге мүмкіндік ала алады. Ауыл тұрғыны Кенжебек Кажкенов жеміс ағашын егу үшін жер мәселесі бойынша сұрақ қойса, ардагер Сәулен Нұғманов ауыл атауын өзгертуді, ал Нұрсәуле Аққожа мен Елемес Бисенғалиев тұрақты жұмыс қажет екендігін жеткізді.    Барлық ауыл тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдаған аудан әкімінің орынбасарлары мен сала басшылары тиісті ақпарат беріп, заң аясында шешілетіндігін қаперге берді.   
            Иә, Үкіметтің «еститін мемлекетке» айналуын Қасым - Жомарт Тоқаев қатаң тапсырды. «Ол тұжырымдамаға көшу аса маңызды»,-деген еді өз сөзінде ел Президенті. Яғни, халықтың барлық мұң-мұқтажы мемлекеттік құрылымда шешіліп, мемлекеттік қызметтер ашық, әрі жүйелі түрде көрсетілуі қажет. Аталған шара барлық ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.        

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521