Кенттегі жалдамалы үй тұрғындарының берешегі 21 млн-нан асқан

Бұл туралы аудан әкімі Дарын Шамұратов кент тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды DENDER.KZ

- Индербор кентіндегі жалдамалы үйлердің тұрғындарының («Ару ана» кешені, Махамбет 43а, 43б, Тайсойған 46, Нұрманов 62) жалпы берешек суммасы 21 168 908 теңгені құрайды. Тұрғынның ең үлкен берешек суммасы 500 000 теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта берешегі бар тұрғындарға ескерту хаттары жолданып, нәтиже шығармаған тұрғындардың құжаттары сотқа берілуде.

Сонымен қатар, аталған тұрғын үйлерге мониторинг жүргізу кезінде жалдамалы пәтерді үшінші тұлғаға жалға беру фактісі анықталып отыр, бұл келісімге сәйкес келмейді.

Егер келісімшартта көрсетілген тармақтар бұзылатын болса заң шеңберінде қатаң шаралар алуды бастаймыз, - деді аудан әкімі. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз