Қылмысты болдырмау - ортақ міндет

Аптаның сәрсенбісінде аудандық прокуратураның мәжіліс залында 2022 жылғы құқық бұзушылық профилактикасының жай-күйі, аталған саладағы атқарылған жұмыстардың тиімділігі және алдағы міндеттер жөнінде ведомствоаралық жедел мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске аудан прокуроры Абзал Сахиев төрағалық етіп, аудан әкімі Дарын Шамұратов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Берікқали Джанзаков, округ әкімдері мен бірқатар бөлім басшылары қатысты.

Алдымен аудан прокуроры Абзал Сахиев Президент Жолдауында көрсетілген құқық қорғау институттарының жұмысын күшейту мақсатында аудан прокуратурасымен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Тақырып аясында аудандық прокуратураның прокуроры Сымбат Балтабаева, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы Нұрасыл Сағынғалиев, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ерқанат Темірханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева баяндама жасады.

Мәжіліс аясында бөлім басшылары құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында бірқатар ұсыныс тілектері мен пікірлерін орта салды.

Аудан әкімі Дарын Шамұратов жиын барысында қозғалған мәселелер әркез бақылауда екендігін, атап айтсақ білім беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен толықтай орнату үшін сұраныс, көліктік бақылау бойынша облысқа ұсыныс берілгенін жеткізді. Ведомствоаралық жедел мәжілісті аудан прокуроры Абзал Сахиев қорытындылап барлық айтылған ұсыныс-тілектер қаперге алынатынын айтты.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз