Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры лауазымына Аренова Дина Маратқызы тағайындалды.
Ол 1975 жылы 9 тамызда Атырау облысы, Махамбет ауданы Махамбет селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.
1994 жылы Атырау Мәдени-ағарту училищесін «Кітапханатану», 2011 жылы Батыс Қазақстан облысы М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетін «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Индер аудандық кітапханасында 1994 жылы «Кітап түптеуші» жұмысынан бастаған.
2000 – 2002 жылдар аралығында «Достық» мәдениет үйінің кітапханашысы.
2005 – 2010 жылдар аралығында аудандық кітапхананың библиографы;
2010 – 2012 жылдары аудандық кітапхананың әдіскері; 2012 – 2016 жылдары оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;
2016 – 2020 жылдары аталған кітапхананың құжаттарды өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Отбасылы.
"Дендер"-Ақпарат