Көшелерге бейнебақылау орнатылуда

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ИНДЕРБОР КЕНТІНІҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРІНЕ БЕЙНЕКАМЕРАЛАР ОРНАТЫЛА БАСТАДЫ.

Кенттегі Д.Қонаев пен Тайсойған және Ш.Уәлиханов-Қ.ТұхфатовШамин көшелерінің қиылысына бұдан бұрын бағдаршам орнатылғанына куәсіздер. Жүргізушілердің дені бағдаршамның қызыл жанғанына тоқтап, жасылында жүріп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға үйренген. Әттеген-айы, кейбір жүргізушілер бағдаршамның қызыл жанғанына қарамастан жолды кесіп өтіп, басқа көліктерге де, жаяу жүргіншілерге қауіп туғызатын жағдайлары кездесетіні жасырын емес.

Сондықтан да бұған дейін көпшілік тұрғындардың тарапынан бағдаршамға бейнекамералардың қажеттігі көтеріліп жүрген. Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратовтың айтуынша, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес бейнекамералар Д.Қонаев пен Тайсойған көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның үстіне, Ш.Уәлиханов- Қ.Тұхфатов-Шамин көшелері қиылысатын бағдаршам маңындағы бағанаға орнатылады. Сондай-ақ жақын арада кенттің орталық алаңы мен Махамбет пен Шамин көшелерінің қиылысына орнату көзделуде. - Камералардың жолды ғана емес, 360 градусқа айналаны 500 метр қашықтыққа дейін қадалауға алуға мүмкіндігі бар.

Бейнекамералар сымсыз Wi-Fi арқылы қосылатын болады. Жергілікті полиция бөлімшесі орналасқан Махамбет көшесіндегі 33 пәтерлі үйдің төбесіне мұнарасы қондырылды. Енді бейнекамералар полициядан бір орталық арқылы қадағаланып отыратын болады. Алдағы уақытта саябақтардағы бейнекамераларды да орталық жүйеге қосу жоспарлануда. Бұл бейнекамералар кент ішіндегі түрлі қылмыстың, құқық бұзушылықтардың алдын алуда көмегі зор болмақ. Ал қаржысы жергілікті бюджеттен бөлінді, - деді кент әкімі.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521