Қарлы боранда жоғалған малшы табылды

16 ақпан күні сағат 09:00-да Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан бір тәулік бұрын 53 жастағы ер адамның түйемен мал жайлауға шығып, кері оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Атырау облысы ТЖД-нен  4 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жоғалған азаматтың туыстары мен жергілікті тұрғындар да жедел іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.


- Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде, сол күні 14 сағат 30 минутта «Аманғали» қыстағынан 5 шақырым қашықтықтан жоғалған малшы табылды. Табылған азаматтың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді, - деп хабарлады ТЖД.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ТЖД жолдаған суреттер

azh.kz/

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521