Үй бөлу заңмен реттеледі

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудан халқын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

 Қабылдауға келген кент тұрғындары Файзолла Қабиев, 1 топ мүгедегі Дәмелі Төлебаева және Аққалы Мұхамбетқалиева, Марал Бозшиева, Алтынай Мұқанбетова, Ұмсындық Мұхамбетжанова өздерінің жағдайларын толықтай таныстырып, "тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал етсеңіз" деген тілегін білдірді. Оған жауап берген облыс әкімі тұрғын үй қатынастары Заңының баптарына сәйкес үй бөлу және алу сол Заңмен реттелетінін жеткізді.

Ал, Жарсуат ауылының тұрғыны Байғали Өтеманов «Индер-Атырау» тас жолының мезгілінен бұрын жарамсыз болып қалатынына алаңдаулы. Себебі, тас жол бойына ерсілі-қарсылы ағылған транзиттік автокөліктер мен топырақ таситын үлкен камаздар жолдың сапасын төмендетіп келеді. Сондай-ақ жүк көліктер шабындық жерлер мен мал жайылымдарының шаңын да шығарып бітіріпті. Бұл көтерілген ұсынысқа орай облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Найзабек Сүгіров атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Толығырақ газетіміздің 7 ақпандағы №6 санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21