Индерлік зейнеттегі полицей өз бауырын өлтіріп, мүрдесін аулаға көміп тастаған

Атырау облысы Индер ауданында тағы бір азамат өз бауырын өлтіріп, мүрдесін ауласындағы шұңқырға көміп тастаған.

Кентте үш ай бұрын болған оқиға марқұмның отбасын ғана емес, күдіктінің көршілерін де есеңгіретті. Бұрын полиция қызметкері болып жұмыс жасаған азаматтың мұндай әрекетке барғанына ауылдастары әлі сене алар емес.

- Жеңістің жамандығын көрген жоқпын ешқандай. Майор болып жұмыс жасады. Отставкіге шықты. Сондай жағдайға барады деп ойлаған жоқпыз. Көрші болғасын жанымыз ашиды, - дейді марқұмның көршісі Гүлшат ЖАНТАСОВА.

Ресми емес дереккөзге сүйенсек, ағалы-інілі екеуі әуелі ішімдік ішіп, кейін соңы дауға ұласқан. Марқұмның ұлдары ағасының қылмысты абайсызда жасағанына сенімді. Қазір 65 жастағы азаматтың өліміне қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Құзырлы орындар қылмыстық кодекстің тиісті бабын желеу етіп, өзге ақпараттарды жария етуден бас тартып отыр.

Жарқынай Қанатова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз