Индерлік тыл еңбеккерлері құрметке бөленді

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді аялайық» жобасы негізінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай аудандағы тыл еңбеккерлерін ұлғылау шараларын жүргізуде. Партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің мерекелік құттықтау хаты мен дәмін аудандағы бір топ тыл еңбеккерлеріне апарып берді.

Олардың қатарында Мария Қаракешова, Мария Шабрашова, Жамиға Қалиева, Қабижан Баделовтар бар. Еңбек ардагерлері өздерінің балалық шақтары соғыс зауалымен қатар келген тұста еңбек майданына араласып шыныққандарын тілге тиек етті. Әрі әлемді жаулаған індеттің елге оңай тимей отырғанын ақпарат құралдары арқылы біліп, танысатынын, сондықтан да қазіргідей қысылтаяң шақта тәртіпке бағынып, өзара ауызбіршілікте болу қажеттігін еске салды. Қиындықта шыныққан тыл еңбеккерлеріне қандай құрмет көрсетсе де жарасады.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық халактілерін тіркеу бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша 214 тыл ардагері тұрады. Оларға Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай мемлекет тарапынан көтермелеу ақылары берілуде. Айталық 210 адамға 30 мың теңге қаржы берілсе, "Соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған 4 тыл еңбеккеріне 100 мың теңгеден көтермелеу жәрдемақысы ұсынылған.

Салалық бөлім болашақта да ардагерлермен тұрақты байланыста болып, қажет жерінде қолдау көрсетіп отыруды қаперден шығармайды.

К.СҰҢҚАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521