Индерлік өкіл: "Қордайдағы жағдай мені де қатты алаңдатты"

Тумысынан татулық пен бауырмалдықты ту етіп қазақ елін мекендеген әрбір азамат өзін бақытты санайды деп есептеймін.

Қазақ елін өз Отанындай сезініп, бақуатты ғұмыр кешіп келеді. Әрине бес саусақ бірдей емес. Өмір болғасын түрлі жағдайлар орын алып тұрады.

Сондай бір қиын жағдайдың бірі Жамбыл облысына қарасты Қордай жерінде орын алған оқиға өзгелермен қатар мені де қатты алаңдатты. Орын алған берекетсіздіктің салдарынан бірнеше адам ажал құшып, баспаналар мен бизнес нысандары өртке оранып, түрлі дене жарақаттарымен көптеген адам аурухана төсегіне таңылды. Әрине, оңай емес. Алла сабыр берсін деймін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел арада үкіметтік деңгейде арнайы комиссия құрып, орын алған түйткілдің түйінін тарқатуды қолына алды. Нәтижесінде жағдай тұрақтанып, келтірілген шығын көлемі есептеліп, елді мекенді тез арада қалпына келтіру бағытында қауырт жұмыстар жүру үстінде. Бұл бағытта Қазақстан Халық Ассамблеясына жүктелер міндеттің де салмағы ауырлай түскені анық.

Бейбітшілігі берік, діни алауыздықтан ада, келешегі кемел, ертеңіне сеніммен қарайтын елдің әлі талай белестерді бағындырарына сенім мол.

Иеромонах ВЕНИАМИН (Хабибуллин),

«Свято-Никольский» Орал епархиясының

Индер ауданындағы өкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз