ИНДЕРЛІК КӘСІПКЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫП, КӨКӨНІС ӨСІРМЕКШІ 

Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында «Көптеген аймақта өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар бар. 

Оларды жұртшылық жақсы біледі. Бұл кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін жаппай енгізу арқылы өндірістің тиімділігін әлдеқайда арттырып жатқанын атап өткен болатын. «Абдолла» шаруа қожалығы Президент жүктеп отырған міндеттерді жүзеге асыруға ынта білдіруде.

Қожалық иесі Нұрбек Құрбанов аталмыш аумақтан жылыжай, сонымен қатар көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр. Ол үшін тиісті орындарға арнайы жобалары жолданған көрінеді. «Арық айтып, семіз шығуға» дағдыланған шаруашылық аталған жоспарларын жүзеге асырарына сенім мол.

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ,

тілші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT