Бүгін «Абай орталығында» өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жеңімпаздарды құттықтап, елдің іргетасын нығайтатын, ұлттық құндылықтарға сүйенген отбасы институтының маңызын ерекше атап өтті.
Берекесін еңбектен тапқан, татулық пен ынтымақты ту еткен, ұрпаққа үлгі болған өнегелі шаңырақтар құрмет төрінен табылды.
Солардың қатарында Индербор кентінің Қансұлтановтар отбасы да бар. Олар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде лауреат атанып, аудан абыройын асқақтатты.
"Дендер"- Ақпарат