ИНДЕРДЕГІ ОН ҮЙ ОЙСЫРАП ТҰР

Кенттің шығысындағы Рақымжан Қошқарбаев көшесіндегі мемлекеттік қызметшілерге арналған он үйдің жай-күйі өткенде аудан әкімі С.Нысанбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста да қаралған болатын. Өйткені пайдалануға берілгелі 10 жылдан асқан пәтерлер күтіп ұсталмағандықтан тоза бастаған.

Индербор кенті әкімінің теңгеріміндегі үйлерді кент әкімі алушыға келісім шарт арқылы береді. Онда екі жақтың да міндеттері, құқықтары заң талаптары айқын көрсетілген. Яғни баспанаға тұрушы үйді техникалық жарамды және тиісті санитарлық жағдайда күтіп ұстауға, үй маңының тазалығын сақтауға, барлық коммуналдық төлемдерді төлеуге, т.б. тиісті.

Алайда Индербор кенті әкімінің орынбасары Қ.Нұриевтің айтуынша, күтіп ұстау талабы әркез сақтала бермейді екен. Қарапайым тал егіп, ақтап, шарбағын сырлап, жөнге келтіріп отыру жұмыстары мардымсыз. Тіпті бір тұрғын қыста ескертпестен қалаға кетіп қалып, жарық өшкен кезде үйдің жылуы тоқтап, жылу батареялары істен шыққан. Мұнан басқа да тұрғын үй қорынан әртүрлі жағдайда берілген пәтерлерге қатысты да заң талаптары сақталмайтындықтан мәселе жиі көтеріліп жүр. Бұл туралы «Amanat» партиясы жанындағы бақылау бөлімінің жетекшісі Ә.Қарашина: – Бұл үйлерде мемлекеттік қызметшілер, яғни мекеме, бөлім басшыларымен қатар мамандары тұратын болса, олар әрдайым Президент айтқан халыққа үлгі болуы қажет емес пе еді?! Егер заң бұзушылық анықталса, кент әкімі неге жауапкершілікке тартпайды? Бізде көп балалы аналар, апатты үйлерде тұрып жатқандар бар. Мүмкін, соларға беру керек шығар, егер үй күтімсіз қала беретін болса, – дейді.

Қайткенде де мемлекет қаржысына салынған мүлікке қадағалау күшейтіліп, жауапкершіілк сұралуы қажет.

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT