Индерде шипажайдың құрылысы басталды

Индер Тұз көлінің басына көптен күткен емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысы салынып басталды. Бұл қуанышты жаңалықты бүгін Индер ауданы әкімі Салауат Өтеғұлов Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн- брифингте мәлім етті.

-Тұз көлі жағалауынан алдын ала жері бөлінді. Бүгінде емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуші атыраулық «НефтьСтройСервис» ЖШС ғимараттың іргетасына қажетті бетонды блоктар орнатуды бастады. Келесі жылы жоспарлы жұмыстарын жалғастыратын болады, - деді аудан әкімі С.Өтеғұлов.

Қырық күн шілде болғанда алыс-жақыннан ем іздеген ағайын Индердің Тұз көліне ат арытып баратын әдеті бар. Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша Тұзды көл басындағы әулиелердің басына тәу етіп, құран оқып, ниязын байлап, дертіне дауа іздейді. Әрине табиғатына тәнті болып қызықтайтындары да баршылық. Алайда бірқатары көлдің балшығына түскенімен қоймай қоқыс-қалдығын шашып кетеді.

Әрі тұз басында қолайлы жағдай туығызылмағандығын айтып жергілікті индерліктерді сөгіп кетеді. Бұған дейін көлге ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, емдеу сауықтыру орнын салуға лайықты деп оң қорытындысы берілген болатын. Алайда шипажай салу мәселесі талай жылдан көтерілгенімен шешімін таппай келе жатқан еді. БАҚ бетінде де талай жарияладық.

Енді, міне, көптен күткен шипайжайдың іргетасы салынып басталды. Ендеше іске сәт дейміз!

Саламат БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521