Индерде "Отбасын қолдау" орталығының директоры тағайындалды

Аудан әкімінің 2024 жылғы 17-ші қырқүйектегі №191 қаулысы негізінде аудан орталығында Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан Индер аудандық Отбасын қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Орталық директоры қызметіне 10.11.1969 жылы туылған Гизатов Жанболат Самиголлаевич тағайындалды. Білімі жоғары, осы қызметке дейін Бөдене ауылдық округінің әкімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған, жанұялы.

Индер аудандық отбасын қолдау орталығының негізгі функциясы мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру болып табылады.

Жұмыспен қамту бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT