БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ ӘРІ ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ АЙНАЛҒАН МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ – МАЛ ҰРЛЫҒЫ. БІР ОТБАСЫНЫҢ АСЫРАП ОТЫРҒАН ТӨРТ ТҮЛІГІНЕ ҚОЛ СҰҚҚАН ОЛАРДЫҢ ІСІ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС. ӨРІСТЕГІ МАЛДЫ АТЫП ТА, АЙДАП ТА КЕТІП ЖАТЫР. ТІПТІ, ӘДЕТКЕ АЙНАЛҒАНДАЙ ҚЫЛМЫСТЫҢ БҰЛ ТҮРІ БАСЫЛАР ЕМЕС. АЛ ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫН ТҮСІНЕР КІМ БАР?
«Малым – жанымның, жаным – арымның садақасы» деп күн кешіп отырған ауылдағы ағайынның берекесін қашырып, жылқысын үйірімен жоқ қылатын әккілер әлі ара - мызда бар. Мәселен, ақпан айында көктоғайлық тұрғындар мал ұрлығының көбейіп кетуіне, ақ адал бағып отырған малдарының қолды болуына байланысты наразылық та танытқан еді. Мұндай мал ұрлығы өткен жылдары да болғаны жасырын емес. Оның ішінде полиция бөліміне шағымданбағандықтан ресми тіркелмегендері де бар екені айдан анық. Қазақстан фермерлер одағы Индер ауданы бойынша филиал бас - шысы, аудандық мәслихат депутаты М.Ильясов:
– Мал ұрлау қалыпты жағдайға ай - налды. Жылда малшылар жапа шегеді. Жер қуаң, мал азығы қымбат, оның үстіне ұрылар тыным бермейді. Әбден маза кетті. Кешегі Көктоғайдағы ұрлық тіптен шектен шыққандық. Емін-еркін «КамАЗ» тіркемесімен тасып жатыр. Олар неге еркін жүр? Заң қайда? Енді сол әділ тергеле ме, жоқ па? Ұйымдаспаса жалғыз адамның қолынан келетін іс емес қой. Міне, осының бәрі халықтың ашуызасын туғызып отыр. Президентіміз Әділетті Қазақстан құру жолында үнемі тапсырма беріп келеді. Сондықтан қылмысқа бір тосқауыл болады деп ойлаймын,-дейді.
Енді бұл қылмысқа қашан тосқауыл қойылмақ. Құзырлы органдар не дейді?
Бұл жөнінде "Дендер" газетінің №15 санынан оқи аласыздар
Жадыра НАРИМАНОВА
Индер ауданы