Бүгін Индер ауданында "Ұлы дала жорығы" атты аламан бәйге жарысы өтті.
Ауданда өткен дүбірлі додаға тек индерліктер ғана емес, Атырау облысынан Құлсары қаласы, Құрманғазы, Жылой, Махамбет аудандарымен қоса көршілес БҚО-нан Жаңақала, Тайпақ аудандары, Шабдаршап ауылынан арнайы келіп бақтарын сынады. Шашасына шаң жұқтырмаған жүзге жуық тұлпардың ішінен бағы мен бабы қатар шапқан жүлдегерлерді тамашалауға келгендердің қарасы көп болды.
Жарыс барысында аудан әкімі Дарын Дүйсембайұлы сөз алып:
-Құрметті жерлестер бүгін міне Атырау және аудандық атбегілерінің ұсынысымен үлкен бірлескен шарасы өтіп жатыр. Осы ұлттық ойынды дамытуға атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды айтамыз. Аламан құтты болсын. Шын мықты сәйгүлік тұлпарларымыз жеңіске жете берсін! - деген тілегін жеткізді.
Алғашқы жабы тай жарысынан үш шақырымнан жүлдегер атанғандар:
1.Асылан Сатанов (Индер) -200 000
2.Алмат Арыстанов - 150 000
3. Асылан Бурабаев - 100 000
4.Тілекқабыл Дінмұхаммед (Есбол) - 50 000
5.Мадияр Бакетов-30 000
Екінші - Асыл тұқымды тайлар жарысы 6 шақырым:
1 орын - Еламан Жәрдем (Шабдаршап) - 200 000
2 орын - Құбайдолла Биғазиев (Тайпақ) - 150 000
3. Дәулет Қайырлы (Көктоғай) - 100 000
4 орын - Нұралы Кенжемұрат (Тайпақ) - 50 000
5 орын - Тілек Қосаев (Миялы) - 30 000
Үшінші - Құнан жарыс 12 шақырым:
1 орын - Құбес Биғазиев (Тайпақ) - 300 000
2 орын - Амандық Килібаев (Жылой) 200 000
3 орын - Абу Алтынбек (Қызылқоға) - 100 000
4 орын - (Сырым ауданы) - 50 000
Аламан бәйге 24 шақырым мәре сызығын кесіп өткен жүлдегерлер:
1 орын - Еркін Орынбасаров (Махамбет) -1 000 000
2 орын - Мерей Исей (Құрманғазы) - 500 000
3 орын Жарылғасын Молдағалиев (БҚО Жаңақала ауд) - 300 000 4 орын (Орал қ) - 100 000
Жарыс соныңда жүлдегерлер марапатталып, сертификаттар мен кубоктар, қаржылай жүлделер табысталды.
Ақмарал БОКИРОВА