Индер ауданында ескі газ құбырлары ауыстырылуда

Кенттегі «Барлаушы» мен «Шығыс» мөлтек аудандарындағы ескі газ құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұрын жер бетіндегі ескі құбырлардың ешкімге кедергісі жоқтай көрінетін. Кейін кент көлемі ұлғайды. «Шығыс» мөлтек ауданы бой көтеріп, Махамбет көшесіндегі 60 пәтерлік үйлердің салынуымен ортада қалып, көпке кәдімгідей кедергі болды. Әсіресе, С.Сейфуллин атындағы орта мектеп жаңадан салынғаннан бері оқушылары әрі-бері аттап өтуге мәжбүр болатын. Осы орайда маусым айынан бастап аталған мөлтек аудандарда жерүсті Д.219 мм орта қысымды болатын газ желісін жер асты ПЭ Д.225 мм газ құбырына ауыстыру жұмыстары басталып кеткен болатын.

- Әзірге 2 шақырым жерге жаңа пластикалық құбырларды жер астына төседік. Енді 1200 метр жер ғана қалды. Жұмыстарымыздың бәрі жоспар бойынша жүруде. Содан соң жаңа құбырларға қысымды тексеру жұмыстарын жүргізіп, жер үстіндегі ескі құбырларды алатын боламыз. Алдағы бір айдың көлемінде бұл істі толық аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді "Алау құрылыс" ЖШС өкілі Ринат Қалауғалиев.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жеңіс Иғалиевтан білгеніміздей, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданнан 20 адам осы жұмыстарға тартылып отыр екен.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз