Индер ауданы да инфекцияның алдын алуда

Әлемді алаңдатқан коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Осыған орай Қазақстанның барлық аумағында 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланды. Міне, осы өзекті мәселеге орай аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында инфекцияның таралуына жол бермеу шараларына қатысты жиын өтті.

Онда алдымен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Шолпан Ержанова мен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Төлеген Бауыржан осы жайтқа орай ақпарат берді. Олар бірінші кезекте әркім өз денсаулығы, отбасының амандығы үшін адамдар көп шоғырланатын орындарға бармау керектігін және жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауды, қолды міндетті түре сабындап жууды, антисептик құралдарын пайдалануды, бөлмені міндетті түрде жиі-жиі желдетіп тұруды баса айтты. Сонымен қатар бұл кесел ЖРВИ-дың асқынған түрі екенін айтып, оның бастапқы белгілерін жеткізді. Ал Президенттің Жарлығында бұл турасында:

«Сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұрсын», сондай-ақ «Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай - ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын», - делінген.

Жиында баяндама жасаған Шолпан Абайқызы қазіргі таңда аудандағы тойханалар мен дүкендерде санитарлық нормалардың сақталмай келетінін, бірде-бір дүкенде сатушы жұмыс киімдерімен тұрмайтынын сынға алды. Әрине, бұл өз кезеңінде халыққа қызмет көрсететін орталықтарда залалсыздандыру жұмыстарының жиі жүрмеуінің кесірінен туындап отыр. Жиында аудан әкімі Мейірім Қалауи дүниежүзінде халықтың көп шоғырланатын жерін азайтып, профилактикалық жұмыстарды ерте жүргізген елдерде бұл вирустың таралуы өте жай, мүлдем болмай жатқан жерлер де барын жеткізді.

Ал мұндай шараларды қабылдамаған елдерде бұл кесел қатты асқынып бара жатырғанын, сондықтан бұл мемлекеттің мезгілінде алынып жатқан шарасы екенін баса айтты.

Сондай-ақ, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмылып күрескен жағдайда бұл қиындықтын да шығамыз деген аудан басшысы «Ең бастысы біздің міндетімі зхалықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек»,-деп жиынды қорытындылады.

Диас АЙБАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521