ЕСІРТКІГЕ ЕЛІТПЕ!

Соңғы жылдары жастар нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып барады. Осының салдарынан денсаулықтарына да көптеген зиян келуде. Бұл туралы түрлі бағытта жұмыстар да жүруде.

Жақында ғана жастар орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы сарбаздарымен нашақорлықтың зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Гаухар Құбашева қатысып, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың зияны және кәмелетке толмағандар мен оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

– Нашақорлық – көптеген адамдардың, соның ішінде жастардың өмірін қиған қауіпті аурудың бірі. Адам бірден нашақор болмай, электронды темекіден бастап әрі қарай құмарлықты жалғастырып, ауруды асқындырып алады. Нашақорлықтың алдын алу бағытында ауданға қарасты барлық білім беру орындарында, халық көп шоғырланатын жерлерде әркез түсінік жұмыстарын ұйымдастырып, әртүрлі тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп, бейнероликтер көрсетіліп келеді. Сондай-ақ, есірткі қолданудың және олардың заңсыз айналымына қатысудың салдарынан аулақ болудың маңыздылығы туралы ақпараттарды да таратып, әлеуметтік желіге жариялап отырамыз. Күні бүгінде наша қолданушылар есебінде тұрған жастар жоқ. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында да халық арасында нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігі жөнінде және салауатты өмір сүрудің артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, «Жаз», «Жасөспірім» секілді жеделпрофилактикалық акциялар да жиі өткізіліп тұрады, - деді Гаухар Құбашева.

Кездесу аясында жастар сала маманына жасөспірімдердің түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруі, нашақорлыққа қарсы қандай құқықтық шаралар жүргізілетіні туралы сауалд

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521