Есболдықтар ертеңіне сенімді

Жалпыхалықтық референдумға есболдықтар да ерекше дайындықпен кірісті. Мұндағы 122 сайлау учаскесінде барлығы 1722 дауыс беруші тіркелген.

Сайлау комиссиясының төрағасы Майра Тілепбергенқызының айтуынша сағат 11-дің шамасында халықтың 38 пайызы дауыс берген. Қатысу белсенділігі жақсы.

- Өз таңдауымды жасадым. Жағдайымыз жақсы. Жасымыз жетпісте болғанмен еліміздің болашағы үшін алаңдап отырамыз. Жақсыға қуанамыз. Еліміздің бұдан әрі де дамып, өзгереді деп ойлаймыз. Сол үшін дауыс беріп келемін, —дейді ауыл тұрғыны Түсіпқали Әбдірахманов.

Сондай-ақ шалғайға да арнайы комиссия мүшесі аттаныпты. Жағдай қалыпты, дауыс беру ойдағыдай өтуде.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521