Есбол ауылы ертеңге үмітпен қарайды

Елбасы Жолдауында қойылған өзекті міндеттердің Есбол ауылдық округі бойынша іске асырылуы туралы округ әкімі Ерболат Сабировты сөзге тартқан болатынбыз.

-Жолдауда қазақстандықтардың тұрмысын одан әрі жақсарту секілді бірқатар стратегиялық міндеттерді орындаудағы басты ерекшеліктер сіздің округте ескеріліп отыр ма?

- Негізі округ әкімдерінің жылдық есебінде бұл мәселелер нақты қамтылды. Ең бастысы округтегі 5135 адамды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауды жетілдіру басты мәселе деп ойлаймын. Округте жұмысқа қабілетті 2852 адамның ішінде 383-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Нәтижесінде аудандық жұмыспен қамту бөліміне тіркелген жұмыссыздар саны – 33 адам болып отыр. Өткен жылы 37 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыспен отбасында бірде –бір жұмыс жасайтын адамы жоқтар, ІІІ топ мүгедектері, нысаналы топтар бірінші кезекте қамтылуда. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушы 37 отбасы, 199 адам болып отыр. Бұл ретте оларға округ көлеміндегі шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің тұрақты демеушілік көрсетуін қарастырып келеміз.

-Ауылда округтің басты басымдығы ауыл шауашылығы болып келеді емес пе? Жалпы мал басының өсімі бар ма?

- Әрине, әнебір көп болмағанымен біртіндеп өсу қарқыны бар. Атап айтқанда 18 643 қой-ешкі, 961 жылқы, 2 584 сиыр, 481 түйе есепке алынды. 2019 жылы егін шаруашылығын дамыту мақсатында 230 гектар жерге бау-бақша және екпе шөп дақылдарын егу жұмыстары жоспарлануда. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында да тойхана, кафе-бар, жылыжай жер телімдері ағылшындық әдіс бойынша сауда -саттыққа ұсынылды.

Толығырақ «Дендер» газетінің 25 мамырдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521