Ерліктің ізі өшпейді

9 – мамыр Ұлы Жеңіс күні. Бұл мереке -жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы болған Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Осы мерекеге орай аудандық кітапхана қызметкерлері, С.Сейфуллин мектебінің 2 «а» сынып оқушыларына (жетекшісі А.Шахаева) аудандық музейге саяхат сыйлады.
 
Бұл шараның мақсаты - Халық қаһарманы, паризан Қ.Қайсеновтің туғанына 105 жыл, Жерлестеріміз Кеңес одағының батыры Б.Нысанбаевтың туғанына 105 жыл, «Даңқ» орденінің иегері Г.П.Шаминнің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерліктің ізі өшпейді» атты тарих сағатын өткізіп, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
 
Шара барысында қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы кезінде Жеңіске қосқан жалпы үлесі жайында және жоғарыда аты аталған батыр аталарымыздың ерлік істері жөнінде кітапханашы Ж.Бердалиева баяндаса, Г.Нургалиева «Ерлік ұмытылмайды» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге Қ.Қасенов "Жау тылында" 2005, Қ.Қайсенов “Жас партизандар" 1980, “Қаһарман қыз Хиуаз” 2012, “Боздақтар” 2014 , «Боран есімі халықпен бірге» және «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» атты папка досье т.б. кітаптар қойылды.
 
Музейде оқушылар «Аудан ардақтылары» залында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аға - апаларымыздың суреттері мен орден-медальдарын, пайдаланған құралдарын тамашалады.
 
Шара соңында оқушылар «Мәңгілік алау» басына барып тағзым етіп, ерлік туралы тақпақтарын оқыды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521