Ерлігі - ұран, өмірі - үлгі

Ерлігі - ұран, өмірі - үлгі.

Осындай атаумен аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті.

Мемлекеттік Әнұранмен басталған шарада алдымен аудан әкімі Дaрын Шамұратов аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, қорғаныс саласында еңбек етіп, ел қауіпсіздігі үшін қызметте жүрген азаматтарға алғыс хат, ал Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған ауданның жас азаматтарына аманат хат табыстады.

Сонымен қатар, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Б.Назаров аудан халқын мерекемен құттықтап, бастапқы әскери дайындық жетекшілерін облыстық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің алғыс хаттарымен марапаттады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521